Перейти к содержимому страницы.

Открытая лекция Beta high school

2026 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласындағы «Beta high school» мектебінің 10-сынып оқушыларына

“Тарих және біз: Арқадағы азаттық қозғалыстар сабақтастығы, ғасыр бойы. (1820 ж.- 1930 ж.)” атты тақырыпта ашық лекция фррматында тәрбие сағаты өткізілді. Лекцияда екі империя жағдайындағы Арқа халқының отарлық езгідегі өмірі, оған қарсы  жүрген ұлт-азаттық  көтерілістердің тарихи маңызы талдауға алынды. Оқушылар хан билігін жойған Сперанский реформасынан бастап, жаңа отаршылдыққа бастаған совет билігінің әлеуметтік реформаларын сынға алды. Лектор советтік сәтсіз реформалардың зардапты салдарын және Алаш интеллигенциясының ұлттық идеясын архивтік деректер негізімен көрсетті. Лекцияның мақсаты - отаршылдық, реформа, ұлт-азаттық күрес және т.б. ұғымдарға  түсінік беру еді.  Сабақ соңында білім алушылар ғасыр бойғы азаттық жолындағы Арқа елі тарихымен таныс болып, пікір алысты, қызығушылық танытты. Жоғарыда көрсетілген ұғымдарға өздері түсінік берді.