Перейти к содержимому страницы.

Академиялық офис

Басшы

Жакиенова Алия Амангельдиевна


Байланыс деректері

  • phone
    8 (7182) 65-16-58 (іш. 3-61)
    Телефон
  • message
    Пошта
  • geo-fence
    Олжабай батыр көшесі, 60-құрылыс
    Мекенжай
  • door-opened
    109
    Кабинет

Академиялық офис – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру жұмысының тиімділігін арттыру, жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылауын қамтамасыз ету мақсатында құрылған құрылымдық бөлімше

Негізгі міндеттер

-                   Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсету жөніндегі жоғары оқу орнының миссиясын орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Даму стратегиясы мен Даму бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерді іске асыру.

-                   Қазақстан Республикасының жарамды білім беру мемлекеттік міндетті стандарттарының, жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың және ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша жоғары оқу орнының академиялық қызметін басқару.

-                   Оқу үдерісін ұйымдастыруды және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді реттейтін, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік және әкімшілік құжаттарын әзірлеу.

-                   Оқу үдерісінің нәтижелерін жинақтау және талдау, оны одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу.

-                   Білім беру сапасының жүйесін қамтамасыз ету және оны үнемі жетілдіру.